10 желтоқсан 2023
Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының қылмыстық процесс кафедрасы кәсіптік даярлау факультетімен бірлесіп, академия курсанттары үшін Республика Күнін мерекелеуге арналған «Қылмыстық процестің қағидаттары және оларды іске асыру мәселелері»тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Ғылыми іс-шара барысында баяндамалар ұсынылып, қылмыстық процестің өзекті мәселелері қаралды, оларды талқылау барысында құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру шаралары ұсынылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша курсанттар алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.
Іс-шараға: қылмыстық процесс кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, Академияның кәсіптік даярлау факультетінің 3 және 4 курс курсанттары қатысты.