12 сәуір 2024
ІІМ Қарағанды академиясында Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған «Заң ғылымын дамытудың заманауи тенденциялары» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Пленарлық отырыс аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар бірнеше секцияларға бөлінді. Криминалистика, киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар және жедел – іздестіру қызметі кафедралары «Құқықтық қорғау және қауіп-қатерлерге ден қою: қорқыту, киберқылмыс, синтетикалық есірткі» секциясының жұмысын ұйымдастырды. Конференция барысында баяндамашылар өздерінің ғылыми жұмыстарын оқып, презентацияларын көрсетті. Конференция соңында барлық қатысушылар өздерінің эмоцияларымен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Қарағанды академиясы конференцияның барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, барлық бастамаларына сәттілік тілейді.