12 апреля 2024
2024 жылғы 12 сәуірде Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған «Заң ғылымының қазіргі даму үрдістері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында жалпы заң пәндері және қылмыстық құқық және криминология кафедраларының ұйымдастыруымен «Заң ғылымының дамуы: проблемалар мен перспективалар» атты дөңгелек үстел өтті.
Секция жұмысына Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының, Ресей ІІМ Волгоград академиясының және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары, докторанттары, профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлері қатысты.
Секция жұмысы пікірталас түрінде өтті, ұсынылған баяндамалар бойынша сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар алынды.