13 қазанда 2023
2023 жылғы 13 қазанда заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының құрметті заңгері Марат Шекішұлы Қоғамовтың төрағалығымен «ZOOM» платформасын пайдалана отырып, «Қылмыстық сот төрелігі: даму үрдістері мен перспективалары» тақырыбында онлайн-дәріс өткізілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қосымша білім беру факультеті және қылмыстық процесс кафедрасы бірлесіп ұйымдастырды.
Өз сөзінде Марат Шекішұлы, қылмыстық процестік заңнаманың негізгі мақсаты: қылмыстық процесті жеңілдету және тиімділігін арттыру, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және азаматтардың конституциялық құқықтарын толық қорғау болып табылатынын атап өтті.
Қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы жаңалықтар қылмыстық істерді тергеу сапасын арттыруға, азаматтардың құқықтарының бұзылуын жоюға, сондай-ақ құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Сөзінің соңында лектор тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.