14 ақпан 2024
Ағымдағы жылдың 14 ақпанында Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының қылмыстық процесс кафедрасы Ресей Федерациясы ІІМ Барнаул заң институтымен бірлесіп «BigBlueButton» платформасын пайдалана отырып, «Ресей қылмыстық процесіндегі ынтымақтастық туралы сотқа дейінгі келісім» тақырыбында онлайн-дәріс ұйымдастырды.
Дәріскер болып Ресей ІІМ Барнаул заң институтының қылмыстық процесс кафедрасының профессоры, з.ғ.к., полиция полковнигі Топчиева Татьяна Владимировна қатысты.
Дәріс барысында ынтымақтастық туралы сотқа дейінгі келісімге қатысты мәселелері мен салдары, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі келісімді жасасудың іс жүргізу аспектілері қаралды.
Өз сөзінің соңында дәріскер аудиторияны қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.