15 ақпан 2024
2024 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы полиция майоры Ғаббасәлі Ботагөз Ғаббасәліқызы Қарағанды облысының Білім басқармасының Қарағанды қаласы Білім бөлімінің “Дарын” мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында 9-11 сынып оқушыларымен “Жасөспірім және заң” тақырыбында қызықты ақпараттармен және көп жылғы ІІО тергеу бөлімдеріндегі тәжірбиесімен бөлісті. Оқушылар тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып, мазмұнды жауаптар берілді. Оқушылар да болашақта құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып, елімізге адал қызмет жасағылары келетіндіктерін айтып, болашаққа құрған арман – мақсаттарымен бөлісті. Академия ұжымы оқушыларға жарқын болашақ, қажымас кайрат, таусылмас ілім, еліміздің көк туын биікке көтеретін азаматтар болуын тілейді!