15 сәуір 2024
Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясында «Жастар және қазіргі мемлекет: әлеуметтік-құқықтық өзара іс-қимыл мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті, онда Криминалистика кафедрасының оқытушылары және КДФ курсанттары қатысты. «Қылмысқа қарсы күрестің қылмыстық-процестік, криминалистикалық және жедел-іздестіру аспектілері» 3-секциясының модераторы болып криминалистика кафедрасының оқытушысы М.Е.Кашенов тағайындалды. Секцияға Ресей, Беларусь және Қазақстаннан 29 курсант пен студенттер қатысты.