18-19 наурыз 2024
2024 жылғы 18-19 наурызда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының шекаралас аймақтарында адам саудасымен күресу бойынша тренерлердің тренингі өтті. Бұл шараны ЕО Орталық Азиядағы шекараны басқару бағдарламасының аймақтық кеңсесі – 10-кезең (BOMCA 10) жүзеге асырды. Бұл іс-шараға жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы М.Балтабасова және заңсыз көші-қон және адам саудасына қарсы күрес мамандарын даярлау бойынша оқу орталығының аға оқытушысы Сейлғазин Д. қатысты.
Іс-шара барысында шекаралас аймақтардағы жұмыстарға баса назар аудара отырып, Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы күрес жүйесіне талдау жасалып, ведомствоға түскен ақпаратты беру бойынша әдістемелік материалдар ұсынылды. Тренинг соңында қатысушылар осы жерде сынақтан өткен команда дайындаған презентациялар мен лекцияларды ұсынды.