18 қазанында 2023
2023 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының қылмыстық процесс кафедрасының оқытушы құрамының шақыруы бойынша, практикалық қызметкерлермен сабақ өткізілді. Сабақ барысында Қарағанды облысы ПД ТБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Руслан Балтабекұлы Ақшолақов 4 курс курсанттарына «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесті цифрландыру» тақырыбында сабақ өткізді.
Руслан Балтабекұлы өз сөзінде цифрландыру – сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының қызметінде, қылмыстық іс мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік беретіндігін және де қылмыстық-процестік әрекеттерді оңтайландыруға, қылмыстық істерді тергеп-тексеру шеңберінде ашықтықты қамтамасыз ететінін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтатынын, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруге лауазымды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуының қажетті деңгейде қамтамасыз ететінін атап өтті.
Кездесу соңында дәріскер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.