1990 жылғы түлектердің Академияға сапары
Воскресенье, 13 июля 2025

1990 жылғы түлектер Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына 35 жылдық мерейтойларын атап өту үшін арнайы келді. Бұл кездесу түлектерге бұрынғы курстас достарымен қайта қауышып, жастық шақтың жарқын сәттерін еске алуға мүмкіндік берді. Олар Академияның аумағын аралап, оның қазіргі даму деңгейі мен материалдық-техникалық базасымен танысты. Мұндай іс-шаралар жас курсанттарға шабыт беріп, офицерлік дәстүрлер мен сабақтастықты нығайтуға ықпал етеді.