1995 жылғы түлектердің Академиядағы сағынышты кездесуі
Пятница, 11 июля 2025

1995 жылғы түлектер Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына 30 жылдық мерейтойларын атап өту мақсатында арнайы келіп, сағынышқа толы кездесу өткізді. Бұл шара барысында түлектер өздерінің бұрынғы оқытушыларымен және курс жетекшілерімен қайта қауышып, студенттік жылдардағы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, олар Академия аумағын аралап, қазіргі жетістіктермен танысты. Мұндай кездесулер болашақ офицерлердің рухын көтеріп, кәсіби сабақтастықты нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.