к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Қазақстан Республикасы ІІО тарихын зерттеу Орталығы

Қазақстан Республикасы ІІО тарихын зерттеу Орталығы

Орталықтың негізгі міндеті – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы тарихи білімді насихаттау, қазақстандық полиция қызметкерлерінің идеялық-адамгершілік тәрбиесі мәселелерінде Ішкі істер министрлігінің қажеттіліктерін ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету.

Функциялары:

– Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тарихымен байланысты өзекті қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;

– Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тарихи білімін зерделеу, ІІО көрнекті тұлғаларының қызметтерін насихаттау, ішкі істер органдары жүйесінде идеологиялық және тәрбие жұмыстарын жетілдіру, қазақстандық полиция қызметкерлерінің идеялық-адамгершілік тәрбиесі туралы ғылыми және оқу әдебиеттерін (монографиялар, оқу-практикалық нұсқаулықтар, әдістемелік ұсыныстар және т.б.) дайындау;

– Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының тарихын, ішкі істер органдарындағы идеологиялық және тәрбие жұмыстарын зерделеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бейінді бөліністерімен, ғылыми-зерттеу институттарымен, білім беру ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, Қазақстан мен шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен шығармашылық тұрғыда өзара байланыс жасау;

– Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында идеологиялық және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, жүргізу және олардың негізгі бағыттары бойынша ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге талдау;

– Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы идеологиялық жұмыстың қазіргі ахуалын сипаттайтын эмпирикалық материалдарды зерделеу;

– облыстар мен республика ауқымында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша мақсатты шараларды әзірлеу;

– ғылыми-зерттеу нәтижелерін конференцияларға, форумдарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге қатысу, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, арнайы басылымдар арқылы, сондай-ақ студенттермен, курсанттармен және ішкі істер органдарының практикадағы қызметкерлерімен кездесулер өткізу жолдарымен апробациядан өткізу;

– Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тарихын зерделеуге, сондай-ақ ішкі істер органдарында идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсыныстар әзірлеу;

– Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тарихымен, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы Ішкі істер министрліктерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық гвардиясының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметкерлеріне идеологиялық жұмыстар жүргізу және патриоттық тәрбие берумен байланысты мәселелер бойынша алдыңғы қатарлы шетелдік практиканы зерделеу, олардың тәжірибелерін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қызметінде практикада қолдану туралы ұсыныстар енгізу;

– ғылыми зерттеулердің нәтижелерін заң шығару, практикалық қызметтерге, сондай-ақ оқу процесіне енгізу.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ