к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Тарих және басшылар

Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институты 1969 жылы КСРО ІІМ Мәскеу жоғары милиция мектебінің Алматыдағы күндізгі-сырттай оқыту факультетінің базасында құрылды. Жоғары оқу орнының құрылуы — ішкі және сыртқы факторлармен негізделген дамудың заңды кезеңі. 50 жыл ішінде жоғары оқу орнында ішкі істер орган­дарының барлық бөліністері мен ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік қызметтерінде, соттарда, прокуратурада, адвокатурада табысты еңбек етіп жатқан 20 000-нан аса жоғары білікті мамандар дайындалды.

ЖОО-дағы кәсіби тұрғыда оқыту ғылыми-зерттеу қызметімен үйлесе отырып, қылмыстылықты ескерту және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету аясындағы жаңа жетістіктерге негізделеді.

Мектептің бірінші бастығы Ұлы Отан соғысына қатысушы әділет генерал-майоры құқық профессоры Бәрімбек Сәрсенұлы Бейсенов болды. Ол бұл лауазымда 1985 жылға дейін қызмет етті. Б. Бейсеновтің сіңірген еңбегі етескеріліп, оған естелік ретінде 2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтына оның аты берілді, ал 2005 жылғы 5 мамырда жоғары оқу орнының аумағында оған ескерткіш ашылды.

Б. Бейсенов Ұлы Отан соғысының ардагері, 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Праганы азат еткені үшін», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941 — 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарімен наградталды

Институттың қалыптасуы мен дамуына Қазақ КСР Ішкі істер министрі Ш. Қ. Қабылбаев орасан зор еңбек сіңірді.

1970 жылы милиция мектебінің алғашқы тыңдаушылары қабылданды. Оқу-саптық бөліністерінің алғашқы бастықтары ішкі қызмет капитаны Ш. И. Макин, ішкі қызмет капитаны Б. Шайхимов, ішкі қызмет капитаны Н. И. Жермоленко болды. Жаңа кафедралар құрылды, арнайы курстар ашылды, айтарлықтай көлемде жаңа оқу құжаттарының, дәріс және басқа да әдістемелік материалдарды өңдеу қажеттілігі туындады.

КСРО ІІМ Мәскеу жоғары мектебі бастығының 1969 жылғы 1 қарашадағы бұйрығымен Қарағандыға А. Я. Гагарин, А. Т. Ащеулов, А. А. Атишев, В. А. Елеонский, Е. Ж. Жанәбілов, В. Д. Иванов, Л. Г. Литовченко, Ю. Д. Лившиц, К. Д. Мұхамедшин, Д. Н. Назарбаев, И. Д. Назаренко, З. И. Сарыбаев, Г. А. Шибанов, В. В. Харчев, С. А. Колпаков, В. А. Владимиров, Л. В. Богненко, И. И. Пепелев, А. Я. Гинзбург, Б. Н. Куку, А. А. Шепель, П. В. Чечелева және басқалар жіберілді.

Осы бұйрықпен Қарағандыға күндізгі бөлімнің үш курсы және сырттай бөлімнің төрт курсы, сонымен қатар қосымша оқу бөлімі көшірілді.

Қысқа мерзім ішінде құқық қорғау органдары үшін мамандарды дайындайтын бірегей оқу орны құрылды. Оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы тәжірибе жинақтай отырып, дәріс оқу, семинар және практикалық сабақтар өткізу әдістемелерін одан әрі жетілдіре түсті. Алғашқы жылдары стандартты әдістемелік материалдарды пайдалануға тура келді. Кейіннен оқу әдебиеттерінің, дидактикалық материалдардың, нормативтік құжаттардың қорлары қалыптаса бастады. Мектептің басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамының басты мақсаты адамгершілік құндылықтары мен азаматтық сенімдері дамыған, қызметінде жоғары кәсібилікті ұштастыра алатын офицер тұлғасын қалыптастыру екендігін айқын түсіне білді.

Бүгінгі таңда академия Қазақстанның жетекші заңгерлік жоғары оқу орындарының бірі болып табылады, сабақты оқытудың жаңа әдістері мен нысандарын қолданатын, жоғары білікті мамандар өткізеді. Қарағанды академиясының ҒЗИ және кафедра қызметкерлері Қазақстан Республикасының кодекстері, заңдары, жарлықтары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға қатысады, Қазақстандағы және шетелдегі жетекші білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты жүзеге асырады. Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері үнемі нормативтік құқықтық актілерді дайындауға, әрі оларды рецензиялауға, сонымен қатар халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысады. Зерттеу нәтижелері оқу құралдарынан, әдістемелік ұсынымдардан, мақалалардан, аналитикалық анықтамалардан көрініс тапты. Заңнамалық және ведомстволық нормативтік құқықтық актілер жобаларын, оқу және ғылыми қолжазбаларды, диссертациялар мен авторефераттарды рецензиялау бойынша жұмыс жүргі­зіледі. ЖОО-да ғылыми еңбектері республикамызда кеңінен құрметке ие болған 6 доктор және 54 ғылым кандитаты, профессорлар мен доценттер еңбек етуде.

Төмендегідей түлектер ғылым докторы ғылыми дәрежесіне ие болды: А. Н. Ақпанов, Н. М. Әбдіров, Қ. Ә. Бәкішев, И. Ш. Борчашвили, С. И. Гирько, С. Е. Еркінов, О. В. Зайцев, М. Ч. Қоғамов, И. В. Корзун, И. П. Корякин, М. О. Нүкенов, Б. М. Нұрғалиев, Е. А. Оңғарбаев, Т. Е. Сәрсенбаев, А. Смағұлов, В. Г. Татарян, З. С. Тоқыбаев, Е. О. Түзелбаев, Қ. Ш. Ұқанов, Т. А. Ханов, А. Д. Шаймұханов және т. б. 50-ден астам түлек гене­рал атағына ие болды. Олар — М. А. Аюбаев, Б. З. Бай­жасаров, Ж. С. Бакиев, Б. А. Бұлғақбаев, С. Н. Гирько, А. К. Жалмұхамбетов, К. А. Душебаев, С. Е. Еркінов, Г.-Х. Б. Жашибеков, К. С. Жұмабаев, Р. А. Ыбыраимов, Б. И. Ысқақов, Г. В. Ким, К. О. Қожахметов, Т. А. Күлібаев, М. О. Нүкенов, М. А. Нұриманов, П. К. Нокин, М. М. Оразалиев, Приходько Ю. В., М. А. Суталинов, С. В. Соколов, Е. Т. Тайжанов, М. А. Тұмарбеков, Р. Х. Өзбекғалиев және т. б.

Академияда акт, дәріс, оқу залдарының, оқу аудиторияларының, компьютерлік сыныптардың, оқу полигонының, зертханалардың, спорт залының және ашық спорт ғимараттарының, атыс тирлерінің қажетті санын қамтитын заманауи оқу-материалдық базасы бар.

Курсанттар таңдаған мамандығына сәйкес ішкі істер органдары бөліністерінде диплом алды практикаларынан өтеді, 300 000-нан астам кітап қоры бар кітапханаларды кеңінен пайдаланады. Жоғары оқу орнында спорттың қызметтік-қолданбалы түрлеріне көп көңіл бөлінеді. Курсанттар құрама командалардың құрамында халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Жыл сайын ЖОО-да спорттың әртүрі бойынша спартакиада өтеді, еркін күрес, дзюдо, қоян-қолтық ұрысы, бокс, футбол және жеңіл атлетика бойынша спорт секциялары тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Кафедраларға қарасты ғылыми үйірмелер де өз жұмыстарын жалғастыруда. Академия тұрақты түрде жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-практикалық конференциялардың, дөңгелек үстелдердің өтетін орнына айналып келеді. Академия командалары қазақша күрес, самбо, қоян-қолтық ұрыс, жеңіл атлетика, президенттік көпсайыс түрлеріне қатысып, КСРО ІІМ, ІІМ ООБ чемпионаттары және біріншіліктері, қалалық, облыстық жарыстар, республикалық турнирлер, матчтық кездесулер, Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарының спартакиадалары, Қазақстан Республикасы кубокта­ры мен чемпионаттары (оның ішінде ведомстволық), халық­аралық турнирлер, кубоктар, біріншіліктер мен әлем чемпионаттары сияқты түрлі дәрежедегі жарыстардың бінеше мәрте чемпиондары мен жүлдегерлері болды. Академия спортшылары самбодан, қоян-қолтық ұрыстан, кикбоксингтен, панкратионнан, жауынгерлік самбодан және гепплингтен әлем, Азия чемпионаттарының чемпиондары және жүлдегерлері болды.

Институт өмірінде ардагерлер ұйымы маңызды орын алады. Ардагерлер өздерінің кәсіби және өмірлік тәжірибелерін жас мамандар мен тыңдаушыларға тынбай үйрете отырып, Ант қабылдау, алғашқы офицерлік погондардың берілу салтанатына, Полиция күнін мерекелеуге арналған іс-шараларға қатысады.

Академияның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім аясындағы білім беру қызметін жүргізу құқығына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі берген мемлекеттік лицензиясы бар.

«021600 — Заңнату» мамандығы бойынша (оқыту нысаны күндізгі және сырттай), «521600 — Заңтану» мамандығы бойынша (оқыту нысаны күндізгі және сырттай) лицензия берілді (Қазақстан Республикасы БҒМ 2001 жылғы 3 тамыздағы № 643 бұйрығы).

Әр жылдар ағымында оқу орны өз басты міндетін, яғни ІІМ үшін кәсіби шеберлік пен ерлік, төзімділік пен сабырлылық қасиеттеріне ие жоғары білікті қызметкерлер дайындауды ойдағыдай атқара атқара білді. ЖОО қызметкерлері мен курсанттары жиынтық батальонының құрамында 1988 — 1989 жылдары Бакуда және Ереванда, Таулы Қарабахта және Жаңаөзенде құрама батальондардың құрамында қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз етті. К. М. Бейсебаев, Н. Д. Околочный, М. М. Безматерных, Р. К. Шоқаев, А. С. Қосжанов, В. И. Полохов, Ж. С. Сүйіндіков, А. К. Құжатаев, Н. Омаров сияқты ішкі қызмет полковниктері және басқалары табандылық пен ерліктің үлгісін таныта білді.

Академия қызметін құрамында академия бастығының үш орынбасары мен екі көмекшісі бар басшылық жүзеге асырады.

Ғылыми кеңес академияның жоғары басқару органы болып табылады. ЖОО құрамында 4 институт, заңсыз көші-қонға және адам саудасына қарсы күрес бойынша мамандарды даярлау жөніндегі оқу орталығы, оқу полигоны, Долинка кентінде курсанттармен практикалық сабақтарды өткізуге арналған оқу орталығы, 14 кафедра, сегіз бөлім және қосалқы құрылымдық бөліністер бар.

Оқу және қызмет бөлмелерінде, холдарда, әкімшілік ғимараттың алдында, алқа залында, кітапханада оқу орнын рәсімдеудің бірыңғай тұжырымдамасына сәйкес еліміздің мемлекеттік рәміздерін насихаттайтын көрнекі үгіт-насихат құралдары көрсетілген.

Академияның жеке құрамының кәсіби, адамгершілік және зияткерлік деңгейін көтеру мақсатында қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық және спорттық шаралар өткізіледі.

Курсанттарды дайындау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты аясында жүзеге асырылады. Мемлекеттік емтихан нәтижелері мен мемлекеттік аралық бақылаудан «өте жақсы» деген бағамен өту дайын­дықтың сапалы аспектісін куәландыра түседі.

«Қазақстан Республикасы ІІМ
Бәрімбек Бейсенов атындағыҚарағанды академиясы»
білім беру мекемесінің қалыптасуының
хронологиясы

КСРО Министрлер кеңесінің 1969 жылғы 10 қазандағы № 807-279 қаулысымен Алма-Ата күндізгі-сырттай факультет КСРО ІІМ Мәскеу жоғары мектебі базасында КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі (КСРО ІІМ ҚЖМ) ұйымдастырылды.

1992 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасы ІІМ № 142 бұйрығына сәйкес КСРО ІІМ ҚЖМ 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ-нің құзыретіне ауысты (Қазақстан Республикасы ІІМ ҚЖМ).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22 мамырдағы № 628 қаулысымен Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды жоғары мектебі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитеті Қарағанды жоғары мектебі болып өзгертілді.

1997 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 шілдедегі «Ұлттық қауіпсіздікті ұйымдасқан сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа қарсы күресті, одан әрі нығайту бойынша шаралар туралы» жарлығына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 қарашадағы № 1589-81с қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасы МТК Қарағанды жоғары мектебі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыретіне ауысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 6 мамырдағы № 134 жарлығымен Қазақстан Республикасы ҰҚК ҚЖМ Қазақстан Республикасы ІІМ жүйесіне берілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 1427 қаулысымен Қазақстан Республикасы ІІМ ҚЖМ Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институты болып өзгертілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдедегі № 1000 қаулысы­мен Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтына Бәрімбек Бейсеновтің есімі берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 қаулысымен Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институты Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы болып өзгертілді.

ЖОО басшылары

Алехин Владимир Леонтьевич, милиция генерал-майоры, Институтты 1985 — 1991 жылдар аралығында басқарды.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1958 жылдың 27 тамызында Шығыс Қазақстан облысы ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, кейіннен аға жедел уәкілі лауазымынан бастады. 1961 жылғы маусымда Өскемен қалалық атқару комитетінің 1-милиция бөлімшесі бастығының орынбасары болып тағайындалды. 1961 жылдың желтоқсанынан бастап ол қайта Қазақ КСР Қоғамдық тәртіп сақтау министрлігі Милиция басқармасының қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі; Қазақ КСР ІІМ Милиция басқарамасының ҚІБ аға жедел уәкілі; Қазақ КСР ІІМ ҚІБ 1-бөлімшесінің аса маңызды істер бойынша жедел уәкілі лауазымдарында қызмет етті.

В. Л. Алехин екі жыл бойы КСРО Қоғамдық тәртіп сақтау министрлігі Жоғары мектебінің Алматыдағы факультетінің арнайы пәндер кафедрасында сабақ берді. 1970 жылғы маусым — 1973 жылғы шілде аралығында Қазақ КСР ІІМ Қылмыстық іздестіру басқармасы 4-бөлімінің бастығы лауазымында қызмет етті; 1973 жылғы шілде — 1974 жылғы қаңтар аралығында — Қазақ КРС ІІМ Қазақ көлік милициясы басқармасы бастығының орынбасары; 1974 жылғы қаңтар — 1979 жылғы сәуір аралығында — Қазақ КСР ІІМ Қылмыстық іздестіру басқармасының бастығы. 1979 жылдан бастап алты жыл бойы В. Л. Алехин Орал облыстық атқару комитетінің Ішкі істер басқармасын басқарды.

Мінсіз қызметі үшін және қоғамдық тәртіпті күзету және қылмыстылыққа қарсы күрес бойынша табысты қызметі үшін милиция генерал-майоры В. Л. Алехин Қызыл Жұлдыз орденімен, көптеген медальдармен, «Милиция үздігі», «КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» Құрмет белгілерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Ке­ңе­сінің, КСРО ІІМ, Қазақ КСР ҚТКМ, Қазақ КСР ІІМ Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Исаев Нұрхан Иса­ұлы, милиция полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты, КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі. Институтты 1991 — 1993 жылдар аралығында басқарды. 1940 жылғы 5 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар қаласында туған.

1969 жылы ішкі істер органдарына Ақтөбе об­лыс­тық атқару комитетінің ІІБ МАИ жол-патрульдік қыз­метінің батальоны командирінің орынбасары қыз­ме­т­іне жіберілді, кейін осы бөліністі басқарды. 1976 жы­лы Н. И. Исаев Республикалық мемлекеттік автокөлік инспекциясына жұмысқа шақырылды және 1978 жы­лы Қарағанды облыстық атқару комитетінің ІІБ МАИ бастығының орынбасары, содан кейін аталған қыз­меттің бастығы лауазымына тағайындалды. 1990 жы­лы Н. И. Исаев Талдықорған аудандық атқару коми­те­тінің ІІБ бастығының орынбасары лауазымына та­ғай­ындалды. 1991 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін басқарды. 1993 жылы Қазақстан Рес­пуб­ли­касы ІІМ МАИ Бас басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Н. И. Исаев 2001 жылдан бастап Қазақстан Рес­пуб­ликасының Көлік және коммуникация ака­де­ми­я­сы­ның проректоры болды. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының зейнеткері ретінде ол ардагерлер қозғалысына белсене араласады.

Жемісті еңбегі үшін Н. И. Исаев үш дәрежелі «Іш­кі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «Ең­бек ардагері» медальдарымен, Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы Президентінің алғыс хатымен және т. б. мара­пат­талды. Отставкідегі милиция полковнигі Н. И. Исаев Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қыз­мет­кері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы болып табылады.

Дуабеков Темірхан Дуабекұлы әділет генерал-майоры, заң ғылымдары­ның кандидаты. Институтты 1993 — 1996 жылдар аралығында басқарды. 1937 жылғы 20 қаңтарда Павлодар облысы Баян­ауыл ауда­нының Саржал ауылында дүниеге келген.

Ішкі істер органдарын­дағы қызметін 1956 жылы КСРО ІІМ Алматы арнайы орта мектебіне түсуімен бастады, аталған оқу орнын бітіргеннен кейін Пав­ло­дар облысы ІІБ социалистік меншікті талан-таражға салуға қарсы күрес бөлімінің, қылмыстық-іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, кейіннен Павлодар облысы ІІБ БХСС бөлімінің аға жедел уәкілі лауазымдарында қызмет етті.

1966 жылғы маусым — 1993 жылғы ақпан ара­лы­ғында республиканың ішкі істер органдары жүй­е­сін­дегі түрлі басшы лауазымдарда қызмет атқарды: Пав­лодар ІІБ БХСС бөлімінің бастығы, Павлодар облысы ІІБ кадрлар бөлімі бастығының орынбасары, Қы­зыл­орда облыстық Атқару комитетінің ІІБ бастығының орынбасары, Шымкент облыстық атқару комитетінің ІІБ бастығы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жыл­ғы 17 қыркүйектегі Жарлығымен Т. Дуабековке «ми­лиция генерал-майоры» арнаулы атағы берілді.

Мінсіз қызметі үшін «Тың жерлерді игергені үшін», 3-дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қыз­меті үшін», «Кеңес милициясына 50 жыл», «Еңбек ардагері», «Қоғамдық тәртіпті күзету бойынша үздік қызметі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» ме­даль­дарымен, «Милиция үздігі», «ІІМ еңбек сіңірген қыз­меткері» төс белгілерімен наградталды, КСРО және Қазақ КСР ІІМ Құрмет грамоталарымен ма­ра­пат­тал­ды.

Стамқұлов Ұбайдолла Мырзағалиұлы ішкі қызмет полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент. Институтты 1996 — 2002 жылдар аралығында басқарды. 1951 жылы 8-наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгер ауданының Первомаевка ауылында дүниеге келген.

1974 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемелекеттік университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының оқытушысы лауазымына қабылданды.

С. М. Киров атындағы ҚазМУ заң факультеті жанындағы аспирантураны бітіргеннен кейін 1982 жылғы наурыздан бастап КСРО ІІМ ҚЖМ азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы лауазымында қызмет етті, ал осы жылдың желтоқсан айында аталған кафедраны басқарды. 1990 — 1993 жылдар аралығында КСРО ІІМ ҚЖМ бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары — оқу бөлімінің бастығы, 1993 — 1996 жылдар аралығында ҚР ІІМ ҚЖМ бастығының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

1996 жылы Ұ. М. Стамқұлов Қазақстан Республикасы МТК Қарағанды жоғары мектебін басқарды, ал 1999 жылғы мамырда мектептің Ішкі істер министрлігі юрисдикциясына қайта көшуіне байланысты Қазақстан Республикасы ІІМ ҚЖМ бастығы, кейіннен Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтының бастығы болды. 2002 жылғы наурызда Ұ. М. Стамқұлов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің консультанты, кейіннен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің құқық қорғау органдары секторының меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 2003 — 2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет етті. 2004 жылғы мамыр — 2005 жылғы сәуір аралығында

Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі лауазымында болды. 2005 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің мүшесі.

Мінсіз қызметі мен қол жеткізген табыстары үшін «Еңбектегі ерлігі», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астана» медальдарымен наградталды. Ұ. М. Стамқұлов Қазақстан Республикасы МТК және ІІМ құрметті қызметкері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері болып табылады.

Оразалиев Молдияр Молыбайұлы, әділет генерал-майоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, институтты 2002 — 2004 жылдар аралығында басқарды. 1953 жылғы 16 наурызда Шымкент облысы Ленгер ауданының Георгиевка ауылында дүниеге келген. 1974 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітіргеннен кейін М. М. Оразалиев Шымкент облыстық Атқару комитетінің ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің аға инспекторы болып қызмет етті. 1976 — 1990 жылдар аралығында Шымкент облысы­ның Ішкі істер басқармасында басшы лауазымында қызмет атқарды.

1990 — 1997 жылдар аралығында Шымкент облыстық ІІБ бастығыың орынбасары; БХСС бөлімінің бастығы; криминалдық полиция басқармасының бастығы; Ақмола облысы бойынша МТКБ бастығынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитеті төрағасының орынбасарына дейінгі қызмет жолдарынан өтті.

1997 — 2002 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы­ның ІІБ, ҚІІБ бастығы; Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы бастығының бірінші орынбасары; Қостанай облысының ІІБ бастығы, 2002 жылғы ақпан 2003 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын басқарды. 2004 — 2006 жылдар аралығында Алматы қаласы ІІД бастығы лауазымында қызмет етті. 2006 жылғы қараша — 2007 жылғы қазан аралығында Қостанай облысы ІІД бастығы болды. 2007 жылғы қазан — 2009 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы лауазымында қызмет етті. 2009 жылғы қарша — 2013 жылғы мамыр аралығында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Терроризмге қарсы орталығы басшысының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Қызметтегі қол жеткізген жетістіктері үшін әділет генерал-майоры М. М. Оразалиев ІІ дәрежелі даңқ орденімен, «Милиция үздігі», «ІІМ-дегі үздік қызметі үшін» және «Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» төс белгілерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан полициясына 15 жыл» мерейтой медальдарымен, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің, Шымкент облыстық Атқару комитетінің Ішкі істер басқармасы және Шымкент қалалық ІІБ Құрмет грамоталарымен марапатталды. ОҚО құрметті азаматы.

Еркінов Серік Есжанұлы, полиция генерал-майоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтын 2009 жылғы қаңтар — 2010 жылғы қазан аралығында басқарды.

1952 жылы 22 желтоқсанда Талдықорған қаласында дүниеге келген. 1971 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебіне оқуға түсіп аталған оқу орнын 1975 жылы бітірді. 1975 жылғы шілде — 1976 жылғы қараша аралығында КСРО ІІМ ҚЖМ криминалистика кафедрасының кабинет бастығы, ал 1976 жылғы қарашадан 1980 жылғы қазан аралығында осы кафедраның оқытушысы болды.

1980 жылғы қазан — 1982 жылғы қазан аралығында КСРО ІІМ Академиясы жанындағы СЗОМФ криминалистика және арнайы техника кафедрасының адъюнкті болды. Адъюнктураны бітіргеннен кейін қайтадан КСРО ІІМ ҚЖМ криминалистика кафедрасының оқытушысы, содан кейін аға оқыту­шысы, доценті, кафедра бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет етті. С. Е. Еркінов 1989 жылғы тамызда КСРО ІІМ ҚЖМ Алма-Атадағы факультетінің арнайы пәндер және әскери дайындық кафедрасының доценті лауазымына ауысты. 1991 жылғы тамыз — 1991 жылғы желтоқсан аралығында КСРО ІІМ АЖМ криминалистика кафедрасын басқарды. 1991 жылғы желтоқсанда бастықтың оқу ісі жөніндегі орынбасары, әрі КСРО ІІМ Алматы жоғары мектебінің оқу бөлімі бастығы лауазымына тағайындады. Үш жыл бойы (1993 — 1996 жж.) Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғары мектебі бастығның бірініші орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 1996 жылғы қаңтар — 1998 жылғы шілде аралығында Қазақстан Республикасы Алматы жоғары мектебінің бастығы лауазымында қызмет етті. С. Е. Еркінов 1998 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы заң колледжі бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына ауысты, ал 2001 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2002 — 2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясын басқарды.

Полиция генерал-майоры С. Е. Еркінов ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін және қол жеткізген табыстары үшін бірнеше марапаттаулар мен медальдарға ие болды. Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері.

Кенжетаев Джан Табылдыұлы, полиция генерал-майоры, 2004 — 2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтының бастығы, 2010 — 2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы.

1957 жылғы 1 мамырда Көкшетау облысы, Володар ауданының Казанка ауылында дүниеге келген. 1974 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебіне түсіп, оны бітіргеннен кейін Көкшетау облысының ІІБ қылмыстық іздестіру инспекторы болып қызмет етті. 1979 жылғы тамыздан қылмысты іздестіру бөлімшесінің іздестіру тобының инспекторы, содан кейін Алматы қаласындағы Калинин аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы, ал 1988 жылғы қарашадан ҚазКСР ІІМ Кадрлар басқармасының 2-кадрлар бөлімінің инспекторы лауазымында қызмет атқарды. 1995 жылғы мамырда Кадрлар жасақтау басқармасы бастығының орынбасары — Қазақстан Республикасы ІІМ Кадрлар бас басқармасының 2-бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

1995 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің құрылуына байланысты Д. Т. Кенжетаев Қазақстан Республикасы МТК Кадрлар және оқу орындары бас басқармасы бастығының орынбасары — кадрларды даярлау басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды. 1997 жылы Қазақстан Республикасы МТК Әкімшілік-қаржы департаменті бастығының орынбасары ретінде, содан кейін Қазақстан Республикасы ҰҚК 5-Департаменті бастығының орынбасары, ал 1998 жылғы наурызда Астана қаласы ІІБ бастығының кадр жөніндегі орынбасары лауазымына тайындала­ды. 2002 жылғы қаңтардан Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігі төрағасының орынбасары болды, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің Қаржы полициясы академиясын басқарды.

Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы МТК еңбек сіңірген қызметкері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының құрметті заңгері, Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің құрметті қызметкері, Қазақстан Ұлттық табиғи ғылымдар академиясының академигі, INTERPA Халықаралық полиция академиясы ассоциациясының атқару комитетінің мүшесі.

Полиция генерал-майоры Д. Т. Кенжетаев ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін және қол жеткізген табыстары үшін ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені­мен, Қазақстан Республикасы Президентінің грамота­сымен, «Астана», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен, Монғол мемлекеттік Даңқ орденімен, атаулы атыс қаруымен наргадталған.

Дәрменов Ақынқали Дәуітбайұлы, полиция генерал-майор, заң ғылымдарының кандидаты, 2019 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы.

1978 жылғы 18 наурызда Қостанай облысы, Меңдіқара ауданының Бурабай кентінде дүниге келген. 1995 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғары мектебіне оқуға түсіп, оны бітірген соң Қостанай облысы Меңдіқара АІІБ Тб тергеушісі болып қызмет етті. 1999 жылғы қыркүйектен 2000 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай заң институтында қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқару құқығы кафедрасында оқытушы болып қызмет етті. 2000 жылғы қазан — 2003 жылғы сәуір аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы қылмыстық-құқықтық саясат және криминология кафедрасының адъюнкті. 2003 жылғы сәуір — 2006 жылғы қараша аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының ҒЗИ ұйымдасқан қылмыстылықа, терроризмге, діни экстремизмге қарсы күресуді өзекті проблемаларды өңдеу бойынша зертханасының ғылыми және аға ғылыми қызметкері лауазымында жұмыс істеді. 2006 жылғы қараша — 2010 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы адъюнктурасының бастығы лауазымында қызмет етті.

2010 жылғы наурыз — қараша аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы докторантурасының доцент-докторанты болды. 2010 жылғы қазан — 2012 жылғы наурыз аралығында «Болашақ» бағдарламасы бойынша «Сот билігі, құқық қорғау органдары, құқық қолдану қызметін ұйымдастыру» мамандығы бойынша Кембридж университетінде (Ұлыбритания) оқыды. Оқуын бітіргеннен кейін, Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы заң институтының арнайы факультеттің жалпы заңгерлік пәндер кафедрасында доцент болып жұмыс істеді.

2013 жылғы сәуір — 2014 жылғы маусым ара­лығында Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр жұмысы департаменті Ведомстволық білім беруді ұйымдасты­ру басқармасының бастығы болдып 2014 жылғы мау­сым — 2018 жылғы наурыз аралығында қызмет етті. Теміртау қаласындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығының бастығы лауазымында қызмет ат­қарды. 2018 жылғы наурыз — 2019 жылғы қаңтар ара­лығында Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр саяса­ты департаментінің бастығы лауазымында қызмет етті.

А. Д. Дәрменов мінсіз қызметі және үлкен жетістіктері үшін ІІІ, ІІ дәрежелі «Ішкі істер орган­дарындағы мінсіз қызмет еткені үшін», «Қазақстан полициясы 20 жыл» медальдарымен, «ІІМ үздік қызмет үшін» төс белгілерімен наградталды.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ