2 ақпан 2024
Қылмыстық процесс және криминалистика кафедралары кәсіби даярлық факультетімен бірлесіп Академияның бітіруші курс курсанттарымен кездесу өткізді, оның шеңберінде кәсіптік практикадан өту бойынша әдістемелік нұсқаулар жеткізілді және тағылымдамадан өту бойынша нұсқама өткізілді.
Практикалық бағыт қағидаты шеңберінде 4 курс курсанттары Ішкі істер органдарында лауазымға тағайындаумен кәсіби практиканы өтеді. Аумақтық бөлімшелерде курсанттар лауазымда бола отырып, өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауға кіріседі, онда алдағы жұмыстың сипатымен, бөлімшенің құрылымымен және жедел жағдаймен танысады.
Кәсіби практика (тағылымдама) Академияның ІІО бөлімшелерімен ынтымақтастық нысандарының бірі болып табылады.