2 наурыз 2024
Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенова атындағы Қарағанды академиясының қылмыстық процесс кафедрасы кәсіби даярлық факультетімен бірлесіп Қарағанды облысы ПД АБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Десюпов Арманның 3 курс курсанттарына дәрісін ұйымдастырды.
Арман Серкпаевич өз сөзінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жаңғырту, сотқа дейінгі тергеудің өзекті мәселелері туралы айтып, қысқаша хаттамалар жасау және тергеу әрекеттерін бейнетіркеу мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша спикер аудиторияны қызықтырған сұрақтарға жауап берді.