20-26 мамыр 2024
Қылмыстық процесс кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Әлімбеков Қазыбек Мейрамбекұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің полиция кадрларын кәсіби даярлау сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін 2024 жылдың 20-26 мамыр аралығында Ұлытау облысы полиция Департаментінде Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы ұйымдастырған «Мобильді академия» жобасы аясында «Тергеу бөлімшелері мен анықтау органдары басшыларының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілді.
Курсты өткізу мақсаты, «Полиция тергеуі», «Адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау жөніндегі халықаралық стандарттар», және т.б. тақырыптар бойынша жаңа әдістері мен жүргізу тәртібі басшылыққа түсіндірілді.
Біліктілікті арттыру курсының қорытындысы бойынша Ұлытау облысы ПД тергеу және анықтау бөлімшелерінің қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.