20 желтоқсан 2023
ІІМ Қарағанды академиясында республикалық слет өтті, оның қорытындысы бойынша тергеу бөлімшелерінің үздік тергеушілері анықталды.
Конкурсқа еліміздің барлық өңірлерінің тергеушілері қатысады, олар өз жұмысында табысты көрсеткіштерімен ерекшеленді және аумақтық полиция департаменттерінде үздік деп танылған.
Конкурсқа қатысушылар қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын білу үшін тестілеуден өтіп, эссе жазып және оқиға болған жерді қарап-тексеру тергеу әрекетінің хаттамасын сапалы жасау керек болды.
Тергеушілерді марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Ш. Қожаев қатысты. Полиция қызметкерлеріне таңдаған ісіне адалдығы үшін ерекше атап өтті және алғысын білдіріп жұмыста табыс тіледі.
Конкурс қорытындысы бойынша жалпы есепте үздік нәтиже көрсетіп, бірінші болып полиция аға лейтенанты Нұралин Елдар атанды. Ресей Федерациясы ІІМ Омбы академиясын бітірген, көліктегі полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушісі болып жұмыс істейді.
Екінші орынды Түркістан облысы ПД тергеу басқармасының тергеушісі, полиция аға лейтенанты Ерасыл Жақсылықұлы Намазбаев иеленді,Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясын бітірді.
Үшінші орынды полиция капитаны Есімжан Сейтжанұлы Бисенов, Атырау қаласы полиция басқармасының аға тергеушісі, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының түлегі иеленді.
Слет жеңімпаздарын құттықтаймыз, одан әрі жеңістер тілейміз!