23 мамыр 2024
Халықаралық дөңгелек үстел
Ағымдағы жылдың 23 мамырында Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасы «Жоғары оқу орындарында оқытудың заманауи әдістемелерін қолдану: инновациялық тәсілдер» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына Ресей ІІМ Орал заң институтының, Ресей ІІМ Омбы академиясының, «Bolashaq» академиясының, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зертеу университетінің, Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінің, Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің докторанттары мен магистранттары қатысты.
Білім берудің өзекті мәселелері, полиция қызметкерлерін тәжірибеге бағдарланған оқыту әдістемелері, студенттермен жұмыс істеудегі коуч-технологиялар, сондай-ақ ведомстволық жоғары оқу орындарында оқытудың түрлі әдістемелері қарастырылды.