23 қазан 2023
Республика күнін мерекелеуге баиланысты жалпы заң пәндері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы белгілі мемлекет қаираткері, Қырғыз АССР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Н.Н.Нұрмақовты еске алу мақсатында туысқандары М.Ж. Нұрмақов пен Р.Ж.Нұрмақованы іс-шара қонақтары ретінде шақыра отырып, кәсіби даярлық факультетінің 1-3 курс курсанттарына жалпы кураторлық сағат ұиымдастырды.
Мұқан Жәмелұлы және Роза Жәмелқызы курсанттарға Нығмет Нұрмақовтың өмір тарихын, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру үшін, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін қалаи күрескені туралы аитып берді.
Нығмет Нұрмақов “Қазақ тілі” газетінің және “Қызыл Қазақстан” журналының редакторы болды. Халықтың игілігі үшін қызмет еткен осындаи танымал қаираткерлерді білу және құрметтеу – әрқаисымыздың міндетіміз.
Республика күні құтты болсын қымбатты достар! Отанымызға беибіт өмір, отбасыларыңызға амандық тілеиміз!