26 ақпан 2024
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы аясында Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасы ағымдағы жылдың 26 ақпанында кәсіби даярлық факультетінің 1 курс курсанттарына «Қазақстан Республикасының Конституциясы – қоғам мен мемлекеттің демократиялық өзгерістерінің негізі» тақырыбына дәріс ұйымдастырды.
Курсанттарға аталған дәрісті онлайн режимде Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Р.Н.Жігітова оқыды.
Дәрісте конституциялық реформалар, мемлекеттік органдар арасында билікті қайта бөлу және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық реттеу мәселелері қозғалды