26 сәуір 2024
Криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және кәсіби даярлық факультетінің 3 курс курсанттарымен Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ернар Бегалиевпен кездесу өткізгендігі туралы баяндаймын. Академия курсанттарымен кездесу барысында профессор Е.Бегалиев «Азаматтардың жекелеген санаттарын чиптеу институтын енгізу» тақырыбы бойынша баяндамасында болашақ криминалистерді осы салада туындайтын проблемалармен, осы технологияны қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерімен таныстырды. Баяндама курсанттар мен профессорлық-оқытушылық құрамның қызығушылығын тудырды.