27 қазан 2023
Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында 2023 жылғы 27 қазанда «2022-2023 оқу жылындағы Академияның профессорлық-оқытушылық құрамының оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарының қорытындысы және алдағы 2023-2024 оқу жылының міндеттері» тақырыбында оқу-әдістемелік жиын өтті.
Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы кафедраларының басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрамы, факультеттердің, бөлімдерінің оқытушы-әдіскерлері қатысты.
Жиынға қатысушылар оқыту әдістемесін жетілдіру, инновациялық технологиялар мен сабақ жүргізу тәсілдерін қолдану бойынша тәжірибе алмасты. Баяндамалардың тақырыптары әр түрлі және өзекті мәселелер (дәстүрлі сабақ түрлерін өткізу ерекшеліктері; білім беру іс-әрекеті процестерін автоматтандыру бағдарламалары; оқу процесін ұйымдастыру мәселелері және одан шығу жолдары; цифрландыру шеңберінде білім беру процесін жаңғыртудың кейбір мәселелері және т. б. тақырыптар) қаралды.