29-30 сәуір 2024
Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы шекараларды басқаруға жәрдемдесу жөніндегі бағдарламасының өңірлік кеңсесі (БОМКА) ағымдағы жылдың 29-30 сәуірде «Адам саудасы қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша онлайн-дәріс өткізді».
Аталған іс-шара бойынша спикер ретінде Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі М.Қ. Балтабасова және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының жедел-іздестіру кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Қ.Тындыбаев жүргізді.\
Дәріс БОМКА жобасының сарапшылары: адам саудасына қарсы іс қимыл бойынша ұлттық сарапшы Кенбаев Жанғали және адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша ЕО сарапшысы Иванка Хайнцль (Вена, Австрия) ханымның қолдауымен өткізілді.