29 мамыр 2024
Курсанттар арасындағы халықаралық дөңгелек үстел
29 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасы «Сыбайлас жемқорлық және адам құқықтары» тақырыбында курсанттар арасында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.
Аталған іс-шараға Ресей ІІМ Уфа заң институтының және Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында курсанттар демократия мен заң үстемдігіне нұқсан келтіретін, адам құқықтарының бұзылуына әкеліп соғатын, нарықты бұзатын, өмір сүру сапасын төмендететін және ұйымдасқан қылмыстың өркендеуіне мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз құбылысты талқылады. Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке және оны жою шараларына ерекше назар аударылды.