к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Бакалавр

ОҚЫТУДАҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

 Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы төмендегідей мамандандырулар бойынша 6В12301 «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша күндізгі оқыту нысаны бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқытады:
ІІО-дағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру;
ІІО жедел-криминалистикалық қызметі (криминалистикалық, дактилоскопиялық, трасологиялық, баллистикалық зерттеу, суық қаруды зерттеу жүргізуге рұқсат алумен). 
– мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылдау және оқыту. Тұрмысқа жайлы жатақханада тұру, стипендия алу, тамақпен, заттай жабдықталыммен қамтамасыз ету, күндізгі оқыту нысаны бойынша толық курсты бітіргендерге (оқыған кезеңі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі) каникулдық демалыс кезеңіне қалааралық автомобиль (таксиді қоспағанда), темiржол және су көлiгiмен тұрақты тұратын жеріне баруға және кейiн қайтуға жол жүру ақысы төленедi;
– түлектерді арнайы бөлуге сәйкес оларды қызметін өткеруге жіберумен жұмысқа орналастыру;
– оқу аяқталғаннан кейін бітірушілерге «құқық қорғау қызметі бакалавры» біліктілігі берілумен белгіленген үлгідегі диплом беріледі және Ішкі істер министрінің бұйрығымен «полиция лейтенанты» арнаулы атағы беріледі.

ОҚУҒА ТҮСУ ТӘРТІБІ

Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуға орта бiлiмi бар, жасы он алтыға толған адамдар қабылдана алады.

Оқуға түсетін жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында медициналық куәландыруға жолдама алу және қажетті құжаттарды ресімдеу үшін тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне жүгіну немесе тікелей қабылдау сілтемесі бойынша Академияның сайтына кіру қажет.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) тапсыру үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2019 жылғы 10 наурыздан 10 мамырға дейін тұрғылықты жері бойынша азаматтық оқу орындары базасында. ҰБТ ағымдағы жылғы 25 маусым – 5 шілде аралығында өткізіледі. 
«Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша бейінді пәндер – Дүниежүзі тарихы + Адам. Қоғам. Құқық.
Конкурсқа қатысу үшін 50 балдан кем емес, оның ішінде әр пән бойынша 5 балдан кем емес балл жинау қажет. 
Медициналық куәландырудан, арнайы тексерістен және ҰБТ сәтті өткен оқуға үміткерлер медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелері ескеріле отырып, ҰБТ қорытындысы бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін Академияның оқу-далалық лагеріне шақырылады.

ІІМ арнаулы оқу орындарына үміткерлер үшін дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер

Основания и порядок отчисления обучающихся:

Основания и порядок отчисления обучающихся регламентируется Законом Республики Казахстан » О правоохранительной службе» от 06 января 2011 года и приказом МВД Республики Казахстан » Об утверждении правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся в военных, специальных учебных заведений Республики Казахстан » номер 20 от 13.01.2016 года

Жүктеуге арналған файлдар:

  • Выписка из правил приема на обучение в военные, специальные учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан
    doc(0.08Мб)
  • ИРБИС система автоматизации библиоте
    Дистанционное обучение
    Лекториум
    Результаты тестирования ЕНТ