к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Магистратура

ОҚЫТУДАҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

 Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 7M12301 «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша күндізгі оқыту нысаны бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқытады.

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының магистратурасына қабылданған қызметкерлерге оқу уақытында оқуға жіберілгенге дейін атқарған соңғы (уақытша атқарылмайтын) штаттық лауазымы бойынша лауазымдық жалақысының жетпіс пайызы мөлшерінде лауазымдық жалақы белгіленеді.

 Орта және аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының магистранттарына тиісті олар оқуға түскенге дейін атқарған штаттық лауазымдарға сәйкес арнаулы атақтарда немесе сыныптық шендерде еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін беріледі; білім беру ұйымдарын, магистратураны бітіргеннен кейін – кезекті арнаулы немесе әскери атақтар, сыныптық шендер қызметкерлер оқу аяқталғаннан кейін тағайындалатын штаттық лауазымдар бойынша атақтарға сәйкес келген кезде беріледі.

 Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының магистратурасына түсетін қызметкерлерге түсу емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін ұзақтығы отыз күнтізбелік күнге дейін ақшалай үлесі сақталмайтын оқу демалысы беріледі.

 Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын магистрант үшін міндетті шарт оқу аяқталғаннан кейін үш жыл ішінде бөліністе (оқуға жіберген) жұмыс істеу болып табылады.

Оқуды аяқтағаннан кейін магистрант оқуға жіберілгенге дейін атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға тағайындалады.

 Оқу аяқталғаннан кейін ғылыми-педагогикалық магистратура түлектеріне «Заң ғылымдарының магистрі», ал бейінді магистратура түлектеріне «Құқық магистрі» біліктілігі берілумен белгіленген үлгідегі диплом беріледі.

ОҚУҒА ТҮСУ ТӘРТІБІ

 Магистратураға оқуға үміткерлер оқуға түсетін жылдың 1 маусымына дейін өз басшыларының атына еркін нысанда баянат береді, қажетті құжаттарды ресімдейді және магистратураға оқуға жіберу үшін қызмет орны бойынша іріктеу комиссияларынан өтеді.  

ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына түсушілердің құжаттарын қабылдау жыл сайын 20 маусымнан 20 шілдеге дейін жүргізіледі.

ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына түсу емтихандары жыл сайын 1 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 25 тамызға дейін өткізіледі.

  ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына оқуға түсетін оқуға үміткерлер:
            1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) емтихандарын тапсырады немесе немесе шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады;

2) мамандық бойынша емтихан тапсырады.  

  ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау емтихандарының жиынтығы бойынша бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша 150 балдан кем емес, бейінді магистратура үшін қосымшаға сәйкес 100 балдық шкаласы бойынша 130 балдан кем емес анағұрлым жоғары балл жинаған оқуға үміткерлер қабылданады.

Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар оқуға үміткерлерге бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша ең жоғары балл қосылады.

Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі

Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша балдар Бағалаудың 4 балдық шкаласы бойынша балдар
95-100 Өте жақсы (5)
90-94
85-89 Жақсы (4)
80-84
75-79
70-74 Қанағаттанарлық (3)
65-69
60-64
55-59
50-54
0-49 Қанағаттанарлықсыз (2)

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ