3-курс курсанттарына оқу тәжірибесі бойынша нұсқаулық
Четверг, 9 октября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының кәсіби даярлық факультеті мен қылмыстық процесс кафедрасының оқытушылық құрамы, сондай-ақ жеке құрам жөніндегі инспекцияның бастығы полиция подполковнигі Н.Ж. Омашевтың қатысуымен 3-курс курсанттарына оқу тәжірибесін өту бойынша нұсқаулық өткізілді.
Оқу тәжірибесінің негізгі мақсаты – курсанттардың кәсіби бағыттағы практикалық дағдыларын қалыптастыру және Қарағанды облысы полиция департаментінің аумақтық бөлімшелеріне тәжірибелік көмек көрсету болып табылады. Бұл іс-шара курсанттардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының нақты жұмыс жағдайларымен танысуға мүмкіндік береді.
Нұсқаулық барысында курсанттарға оқу тәжірибесінің мазмұны мен міндеттері, сондай-ақ тәжірибе барысында орындалуы тиіс тапсырмалар туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, курсанттарға тәжірибе кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік шаралары мен этикалық нормалар туралы да айтылды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы курсанттарының оқу тәжірибесі олардың болашақ кәсіби қызметтеріне қажетті дағдыларды меңгеруіне және құқық қорғау саласындағы тәжірибелік жұмыстарға дайындалуына ықпал етеді.