3 мамыр 2024
Қылмыстық процесс және криминалистика кафедралары кәсіби даярлық факультетімен бірлесіп, 2 курс курсанттарымен кездесу өткізді. Оның шеңберінде әдістемелік нұсқаулар түсіндірілді және практикадан өту бойынша нұсқаулық өткізілді.
Кәсіби даярлық факультетінің 2 курс курсанттары таңдалған бағыттарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумақтық органдарының тергеу және жедел-криминалистикалық бөлімшелерінде оқу практикасынан өтетін болады.
Практикадан өту барысында курсант алған теориялық білімдерін бекіту, сондай-ақ қызметтік іс жүргізу құжаттарын ресімдеу, ІІО міндеттерін іске асыру бойынша дағдылар мен іскерліктер алу қажет.
Оқу практикасы Академияның ІІО бөлімшелерімен мамандардың кәсіби даярлығын жетілдірудегі ынтымақтастық нысандарының бірі болып табылады.