3 сәуір 2024
Халықаралық курсанттар қауымдастығы
2024 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының қызметкерлері Ресей ІІМ Уфа заң институтының азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының қызметкерлерімен бірлесіп онлайн-режимде «Құқық қорғау органдарының қызметінде жеке және қоғамдық мүдделердің арақатынасы» тақырыбында халықаралық ғылыми үйірменің отырысын өткізді.
Полиция полковнигі Г.А. Әубәкірованың жетекшілігімен Академия атынан кәсіби даярлық факультетінің 3 курс курсанттары: А. Жексенбаев, Т. Нұрсейітов, А. Мусина, Д. Байтенизова және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің 2 курс магистранттары Е. Әбілда, Д. Бахытқалиев, Е. Тоқтар қатысты, аталған білім алушылардың ғылыми баяндамалары іс-шараға қатысушылардың қызығушылығын тудырды