30 тамыз 2023
Жалпы заң пәндері кафедрасының ұжымы, Қазақстан Республикасының «Конституциясы» күні мен «Кафедра күнін» атап өтті. Кафедра бастығы, Phd докторы, полиция майоры Д.
К.Райбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға кафедраның қалыптасу тарихымен таныстырды. Іс-шара дарынды курсанттар мен шақырылған қонақтарды жұмылдыра отырып, патриоттық стильде өткізілді. Іс-шараға қатысушылар, шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, іс-шараның жақсы өтуіне өз үлестерін қосты.
Құрметті достар, Сіздерді еліміздің басты мерекелерінің бірімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, мол бақыт және отбасыларыңызға амандық тілейміз!