31 мамыр 2024
2023-2024 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасының әскери және арнаулы оқу орындары арасындағы академиялық алмасу бойынша профессорлық-оқытушылық құрамы пулының шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының Жедел өнер және моральдық-психологиялық қамтамасыз ету кафедрасының бастығы полковник Шапашев М.А.-мен «Жоғары әскери мектеп педагогикасы» тақырыбына сабақ өтті. Дәріске Қарағанды академиясының оқытушылары қатысты. Онлайн режимінде өткен дәріс жиналғандардың үлкен қызығушылығын тудырып, соңында қызу пікірталастарға ұласты. Мұрат Асқарұлына берілген материал үшін шын жүректен алғыс айтамыз.