31 мамыр 2024
Ағымдағы жылдың 31-мамырында Жалпы заң пәндері кафедрасының кеңейтілген отырысында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің докторанты (2021 жылғы алым) заң ғылымдарының магистрі полиция капитаны Ж.А.Маликовтың Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми атағын алу үшін дайындалған диссертациялық жұмысын диссертациялық кеңеске қорғауға жіберу үшін алдын ала талқылау мәселесі көтерілді. Ғылыми жұмысы тақырыбы: «ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ».
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы қарсаңында ел болашағы бұлыңғыр болмас үшін дәл осы тақырып төңірегінде ауқымды еңбек атқарылуы және сол зерттеу жұмыстарының нәтижелері заң практикасына енуі аса маңызды да қоғамға ең керек қадам екені сөзсіз. Сондықтан да диссертанттың ғылыми жұмысы барысында зерделеген ұсыныстары мен жаңалықтары кафедра ұжымы тарапынан бірауыздан қолдау тауып қорғауға шығаруға ұсынылды.
Жандос Анарбекұлына алдағы уақытта зерттеу жұмысы аясындағы қыруар еңбегі барлық бағытта бағаланып, философия докторы атануына тілектеспіз!