31 қазан 2024
Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Академияның профессорлық-оқытушылық құрамының 2023-2024 оқу жылындағы оқу және оқу-әдістемелік жұмысының қорытындысын шығару және алдағы 2024-2025 оқу жылына міндеттер қою бойынша оқу-әдістемелік жиын өтті.
Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының кафедра басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрамы, факультеттердің, бөлімдердің оқытушы-әдіскерлері қатысты.
Оқу-әдістемелік жиынды Академия бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сейтжанов Олжас Теміржанұлы ашып, өткен оқу жылын қорытындылады.
Жиынға қатысушылар оқыту әдістерін жетілдіру, инновациялық технологиялар мен сабақ жүргізу тәсілдерін қолдану бойынша тәжірибе алмасты. Сөз сөйлеушілердің баяндамаларының тақырыбы өте өзекті болды. Оқу процесін ұйымдастыру мәселелері және олардан шығу жолдары, дәстүрлі сабақ түрлерін өткізу ерекшеліктері, интерактивті оқытудың нысандары мен түрлері қарастырылды, білім беру қызметі процесін автоматтандыру бағдарламалары талқыланды, цифрландыру шеңберінде білім беру процесін жаңғырту, оқу процесіне тренингтік сабақтарды енгізу мәселелері қозғалды.
Оқу-әдістемелік жиынды қорытындылай келе, Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі О.Т. Сейтжанов 2023-2024 оқу жылында қол жеткізген нәтижелері үшін Академияның жеке құрамына алғысын білдірді.