7 қазан 2023
2023 жылғы 7 қазанда біздің Академияға құрметті қонақ, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Академияның ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының бұрынғы бастығы, отставкадағы аға әділет кеңесшісі С.Н. Исаева келді. Светлана Нұрханқызы қызмет жолын оқытушылық және ғылыми қызметке арнай отырып, Академияда ұзақ уақыт жұмыс істеді. Бүгінгі кездесуде Қарағанды академиясы мен жалпы заң пәндері кафедрасының кітапхана қорын өзінің жеке кітапханасындағы кітаптарымен толықтырды.
Құрметті Светлана Нұрханқызы, сізге оқу процесінің дамуына қосқан баға жетпес үлесіңіз үшін алғыс айтамыз. Сізге зор денсаулық, өркендеу және барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз!