Абай Құнанбайұлының мұрасы және Қарамола ережесінің 140 жылдығы
Воскресенье, 10 августа 2025

🗓️ 10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күні. Абайдың ақындық мұрасынан бөлек, оның дала заңын жазғанын білесіз бе? ✍🏻 1885 жылы Қарамолада өткен билер съезінде Абай орыс заңдарының қазақ дауын шешуге жарамсыз екенін айтып, 92 баптан тұратын жаңа ережені үш-төрт күн ішінде жазып шыққан. Әйел теңдігін, әділдікті, адам құқығын қорғаған бұл құжат 1886 жылы қазақ тілінде кітап болып басылған тұңғыш заң болды. Биыл «Қарамола ережесінің» қабылданғанына 140 жыл толып отыр. Назарларыңызға сол ережеден үзінділер ұсынамыз ⤵️ *Материал «Абай Құнанбайұлы және қазіргі қазақстандық қоғамның басымдықтары» кітабындағы деректер негізінде әзірленді. (Алмахан Мұхаметқалиқызы, Астана, 2022 жыл) *Суреттер: Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы #абай #абайқұнанбайұлы #қарамолаережесі #абаймұрасы #қазақтарихы #қазақтар






