Академия басшылығы курсанттардың тәртібін қадағалауда
Суббота, 4 октября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ерлан Думанұлы Намысов курсанттардың кешкі тексерісіне қатысты.
Бұл шара курсанттардың тәртібі мен жинақылығын нығайтуға бағытталған, сонымен қатар олардың күнделікті оқу-тәрбиелік процесіне басшылық тарапынан тікелей назар аударылып отырғанын көрсетті. Полиция полковнигі курсанттардың сыртқы келбеті мен саптық дайындық деңгейін мұқият тексеріп, офицерлік жолда жауапкершілік пен тәртіптің маңыздылығын атап өтті.
Академия басшылығы курсанттардың тәртібін бақылау мен тәрбиелік жұмыстарға тұрақты түрде көңіл бөліп, болашақ офицерлердің кәсіби және адамгершілік тұрғыдан жан-жақты дамуына ерекше мән беруде. Бұл бағыттағы жұмыстар курсанттардың болашақта жоғары деңгейдегі офицерлер болып қалыптасуына ықпал етеді.