Академия курсанттары мұражайға танымдық экскурсия жасады
Четверг, 16 октября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 107-оқу тобының курсанттары жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, топ кураторы полиция подполковнигі А.Б. Қожасованың жетекшілігімен кураторлық сағат аясында Академияның мұражайына танымдық экскурсия жасады.
Мұражай экспозицияларымен танысу барысында курсанттар ел тарихына, ішкі істер органдарының қалыптасу кезеңдеріне терең үңіліп, рухани азық алды. Ұлы тұлғалардың өмір жолы мен ерлікке толы еңбектері жас ұрпаққа өнеге, болашақ қызмет жолында бағыт-бағдар болатындай әсер қалдырды.
Іс-шара соңында курсанттар алған әсерлерімен бөлісіп, жақсы көңіл күйде тарқасты.
Обновлено: 16.10.2025 12:31