к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Академияда «Ерлік сабағы» өтті

Пятница, 10 октября 2025

Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында әскери тактикалық-арнайы даярлық кафедрасының ұйымдастыруымен ішкі істер органдарының ардагерлерінің қатысуымен «Ерлік сабағы» өткізілді.

Академия бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ерлан Думанович Намысов қонақтарды жылы қарсы алып, жеке құрам мен курсанттарға таныстырды.

Отставкадағы полиция полковнигі Омаров Нұрлыбек Менлібекұлы — КСРО Ішкі істер министрлігі Қарағанды жоғары мектебінің алғашқы түлектерінің бірі (1970–1974 жж.), Әзербайжан КСР Лачин қаласының құрметті азаматы. Ол 1976–2003 жылдары осы оқу орнында қызмет атқарған. Таулы Қарабахтағы ұрыс қимылдарының қатысушысы, сондай-ақ 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасы мен 1986 жылғы «Ізгі ниет ойындарында» қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысқан.

Отставкадағы ішкі қызмет подполковнигі Байгабилов Марат Хайруллаұлы — 1975–1996 жылдар аралығында Академияда қызмет атқарған, бокстан спорт шебері, Таулы Қарабахтағы ұрыс қимылдарының ардагері. Ол да Мәскеу Олимпиадасы мен «Ізгі ниет ойындарында» қоғамдық тәртіпті сақтау ісіне белсенді қатысқан.

Кездесу барысында ардагерлер курсанттарға өздерінің өмірлік жолы мен қызметтік тәжірибесінен сыр шертті. Олар офицерлік борыш, ерлік, абырой мен адалдық туралы әсерлі әңгімелер айтып, болашақ құқық қорғаушыларға патриоттық тәрбие мен рухани бағыт берді.

Мұндай «Ерлік сабақтары» — жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілікті, кәсіби жауапкершілікті және офицерлік ар-намысты қалыптастыратын маңызды тағылым мектебі.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ