к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Академияға ардагер ұстаздардың ұрпақтары қонаққа келді

Суббота, 12 июля 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына алғашқы профессорлық-оқытушылық құрамның мүшелері болған Ғабдолмажит Сабралиев пен Дүйсенғали Назарбаевтың балалары мен немерелері қонаққа келді. Академияда Бәрімбек Бейсеновпен бірге еңбек еткен Бағдат Бейсембаеваның қызы, Академия бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Саида Ермағамбетқызы Ералина қонақтарға академия бойынша экскурсия ұйымдастырды. Соғыс және ұстаздық жолда ерлік көрсеткен ардақты ұстаздардың ұрпақтары өз туыстарына қатысты жәдігерлерді үлкен қызығушылықпен тамашалап, ықыласпен тыңдады. Академия музейінде олардың портреттері, бюсттері, кітаптары сақталған – біз Академиямыздың қалыптасуына үлес қосқан жандардың есімдерін мәңгілікке сақтауға тырысамыз. Д.Н. Назарбаевтың қызы Марина академияның алғашқы ұстаздарын ұлықтап, олардың рухына құрметпен қарағанына қатты толқып, риза болды.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ