Ата Заңның 30 жылдығына арналған интерактивті кездесу
Четверг, 28 августа 2025

2025 жылғы 28 тамызда Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заңға 30 жыл: жаңа дәуір, жаңа серпін» атты интерактивті кездесу өтті.
Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы П.Қ. Әбілқас пен Қарағанды облыстық «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы А.А. Мажитов қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясының маңыздылығы мен оның қоғамдағы рөлін талқылады. Сонымен қатар, Конституцияның 30 жылдық мерейтойы аясында еліміздің құқықтық жүйесіндегі жаңашылдықтар мен өзгерістер туралы пікір алмасты. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру және Конституцияның негізгі қағидаларын түсіндіру болды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының өкілі П.Қ. Әбілқас өз сөзінде Конституцияның құқықтық мемлекет құрудағы рөліне тоқталып, оның тұрақтылық пен даму кепілі екенін атап өтті. Ал «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы А.А. Мажитов жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар Конституцияның 30 жылдығына арналған арнайы көрмені тамашалады. Бұл көрме Қазақстанның құқықтық тарихы мен Конституцияның қалыптасу кезеңдерін бейнелейтін материалдармен танысуға мүмкіндік берді.