атындағы Қарағанды академиясы
г. Караганда, Ермекова, 124
Call-орталығы 1414«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында келешек жастардың білім алуына алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқыту үрдісі енгізілді.
Аударылған кітаптарды таңдау үшін еліміздегі барлық оқу орындарынан ұсыныс жиналып, жалпы саны 800-ден аса оқулық атауы ұсынылды. Жинақталған тізімдердің негізінде АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Швейцария сияқты алдыңғы қатарлы елдердің ең үздік ғылыми еңбектерін қамтиды. Бүгінгі таңда оқулықтардың электронды нұсқасы әзірленіп, ол Қазақстанның ашық университеті – openU.kz платформасына жүктелді. Көпшілік осы жерден оқи алады.
Оқулықтардың жаңа топтамасы дүниежүзі тарихы, әдебиет теориясы, халықаралық құқық және бизнес, қазіргі заманғы педагогика, өнер тарихы, интернет психологиясы, стратегиялық менеджмент, маркетинг негіздері, ұйымдық мінез-құлық, медиа және бизнес-коммуникация, адам ресурстарын басқару, дипломатия, оринтализм және семиосфера секілді бағыттарды қамтыған.
Құрметті оқырмандар! Кітап сүйер қауым! Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының кітапханасынан оқулықтарды алып оқуларыңызға болады.