к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрімен кездесті

Пятница, 8 августа 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ішкі істер министрі Ержан Саденовті қабылдағанын хабарлайды. Кездесу барысында Президентке еліміздегі қылмыстық ахуал және ішкі істер органдарының Заң мен тәртіп қағидатын орындау бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Министр Ержан Саденов биылғы 7 айда қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде елдегі қылмыс саны 9 мыңға азайғанын мәлімдеді. Адам өлтіру, қарақшылық, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, бұзақылық және басқа да негізгі қылмыс түрлерінің төмендеуі байқалады. Бұл істерді ашу деңгейі жақсарып келеді. Ауыр және аса ауыр қылмысқа қатысы бар 146 қылмыстық топ жойылды. Полиция өндірісіндегі барлық қылмыстық іс бойынша азаматтардың 28 миллиард теңгеден астам шығыны өтелді. Сонымен қатар, қылмыскерлерді іздестіру жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады. Есепті кезеңде іздеуде жүрген 956 адам ұсталды, олардың 24-і шетелден Қазақстанға экстрадицияланды. Хабар-ошарсыз кеткен 600 адамның, соның ішінде 125 кәмелетке толмағанның жүрген жері анықталды. Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл аясында 6 call-орталық жойылып, 67 миллион жалған қоңырау мен 3 мыңнан астам алаяқтық сайт бұғатталды. Алаяқтардың 2,8 миллиард теңгені шығаруына жол берілмеді. 11 тоннадан астам есірткінің айналымға түсуіне тосқауыл қойылып, 19,5 мың есірткі сайты бұғатталды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі арттыруға қатысты бірқатар міндет жүктеді.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ