Мәйіттің сот-медициналық сараптамасы бойынша практикалық сабақтар басталды
Четверг, 9 октября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы қылмыстық процесс кафедрасы және Қарағанды облысы бойынша Әділет департаменті «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бойынша сот сараптамалары орталығы» РМҚК Қарағанды облысы бойынша сот сараптамалары Институтының филиалы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде кәсіби даярлық факультетімен бірлесіп 2024 жылғы 7 қазаннан бастап 4 курс курсанттары үшін «Мәйіттің сот-медициналық сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында шығу практикалық сабақтар басталды.
Бұл сабақтардың мақсаты — курсанттарды өлімнің әртүрлі түрлерінде мәйітті қарау ерекшеліктерімен таныстыру және процессуальдық құжаттарын дұрыс жасау әдістемесін меңгерту. Сабақтар барысында курсанттар мәйітті қарау кезінде қолданылатын әдістер мен тәсілдерді үйреніп, сот-медициналық сараптаманың ұйымдастырылуы мен жүргізілуінің негізгі аспектілерін түсінеді. Бұл тәжірибелік сабақтар курсанттардың болашақ кәсіби қызметіне қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.