к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Нашақорлыққа қарсы күрес: тәжірибе алмасу отырысы

Четверг, 2 октября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы білім беретін пәндер кафедрасы «Саналы ұрпақ» ғылыми үйірмесінің 2025–2026 оқу жылына арналған жоспары аясында маңызды іс-шара өткізді. Кафедра профессоры М.А. Құсайынова «Нашақорлық – жанның қатерлі ісігі. Есірткіні қолданудың зияны» тақырыбында отырыс ұйымдастырды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – курсанттардың есірткіге қарсы дүниетанымын қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу, құқықтық мәдениетін арттыру және кәсіби дағдыларын жетілдіру.

Отырыста тәжірибе алмасу және кәсіби дағдыларды дамыту мақсатында Қызылорда облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының АМІЖ аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Жусупбеков Азамат Нұрлыбекұлы, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Мансуров Армат Евгеньевич қатысты. Олар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, курсанттарға нашақорлықпен күресудің заманауи әдістері мен тәсілдері туралы құнды ақпарат ұсынды.

Бұл отырыс курсанттардың құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, олардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге де ықпал етті. Іс-шара барысында қатысушылар есірткіге қарсы күрестің тиімді әдістерін талқылап, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ