Қарағанды академиясын таңдаудың себептері
Вторник, 22 июля 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттарынан: “Неге осы академияны таңдадыңыз?” – деп сұрағанымызда, олардың жауаптары бізді қуантты, шабыттандырды және мақтаныш сезімін сыйлады. Курсанттардың бірі бала күнгі арманы осы академияда оқып, офицер болу екенін айтты. Екіншісі ел мен халыққа адал қызмет етуді мақсат тұтқанын бөлісті. Ал кейбір курсанттар тәртіп, тәрбие және жауапкершілік мектебі ретінде Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын таңдағанын жеткізді. Барлық курсанттардың жүрегінде офицер болсам деген үлкен мақсат пен намыс бар. Біз бұл жауаптардан болашақтың сенімді қорғаушыларын көрдік.