Қарағанды академиясында алғашқы кәсіптік даярлық курстары басталды
Вторник, 5 августа 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына қатардағы және орта басшы құрам лауазымдарының алғашқы кәсіптік даярлық курсына тыңдаушылар келді. Бұл курстар екі айға созылады және тыңдаушыларға полиция қызметінің кәсіби қыр-сырларын үйренуге мүмкіндік береді. Оқу барысында тыңдаушыларға алғырлық пен зеректік танытып, оқу бағдарламаларын толық игерулеріне тілектеспіз. Академияда алған білімдері олардың болашақ қызметтерінде маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз.