к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Қарағанды академиясында жеңілдік санатындағы талапкерлермен кездесу өтті

Пятница, 25 июля 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Биекенов жеңілдік санатына жататын талапкерлермен кездесу ұйымдастырды. Бұл кездесуге «Алтын белгі» иегерлері, ҰБТ-дан 100-ден жоғары балл жинағандар, Ұлттық ұлан қатарында әскери қызмет өткерген үміткерлер, сондай-ақ қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балалары мен жұбайлары қатысты. Академия басшысы оларды іріктеу кезеңдерінен сәтті өткенімен құттықтап, әрбір талапкердің жетістігінде ата-ананың еңбегі зор екенін атап өтті. Ол өз сөзінде балаларын білімге, мақсатқа ұмтылуға баулып, үлкен өмірге жол сілтеген ата-аналарға шынайы алғысын білдіріп, жас буынның қалыптасуына олардың қамқорлығы мен мейірімді тәрбиесі үлкен үлес қосатынын ерекше атап өтті.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ