Қарағанды академиясының 2005 жылғы түлектерінің кездесуі
Среда, 30 июля 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 2005 жылғы түлектері оқу ордасынан түлеп ұшқандарына 20 жыл толуына орай Академия қабырғасына арнайы келді. Бұл кездесуде курстастар бір-бірімен қайта қауышып, жастық шақтағы жарқын сәттер мен оқу жылдарындағы қызықты естеліктерін тебірене еске алды. Түлектер оқу орнын аралап, оның қазіргі тыныс-тіршілігімен, жеткен жетістіктерімен және материалдық-техникалық базасындағы оң өзгерістермен танысты. Мұндай кездесулер жас ұрпаққа тағылым боларлық өнеге ғана емес, офицерлік рух пен ұрпақтар сабақтастығының нақты көрінісі болып табылады.