к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Қарағандыда кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті

Пятница, 19 сентября 2025

2025 жылдың 19 қыркүйегінде «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен, «Meet-Up 2025» жобасы аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде 10-11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру іс-шарасы жоғары деңгейде өткізілді. Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының криминалистика кафедрасының профессоры, полиция полковнигі Телемисов Бакытжан Сатыбалдиевич және жеке құраммен жұмыс жасау бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны Алтаева Айнур Серикбаевна қатысты.

Олар оқушыларға Академияға оқуға түсу талаптары мен оқу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді. Құқық қорғау саласындағы мамандықтардың өзектілігі мен кәсіби даму жолдарын нақты мысалдар арқылы түсіндіріп, оқушыларды Академияда білім алу арқылы еліміздің қауіпсіздігіне үлес қосуға шақырды. Бұл іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын айқындап, олардың болашақ мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына зор ықпал етті.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарындағы кәсіби қызметтің ерекшеліктері мен талаптары, болашақ мамандарға қойылатын кәсіби міндеттер мен мүмкіндіктер туралы кеңінен сөз болды. Осылайша, іс-шара жастардың болашақ кәсіби бағытын айқындауға, Академияда сапалы білім алып, елімізді қорғау жолында қызмет етуге ынталандыруға бағытталды.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ