к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған дөңгелек үстел

Четверг, 4 сентября 2025

2025 жылдың 4 қыркүйегінде Қазақстан халқының «Тілдері күні» мерекесіне орай Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы тілдік дайындық кафедрасының ұжымы «Тіл — халықтың жаны» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Тіл — халықтың рухани азығы, ұлттың ой-өрісі және Жаратқанның берген құндылығы екендігі баршаға мәлім. Сондықтан еліміздегі әр азамат осының құндылығын түсінуі қажет.

Тіл мерекесі қазақ халқының лингвист ғалымы, ұлт ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орайластырылып өткізілді. Осыған байланысты іс-шараға академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің қазақ тіл білімі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Б.А. Қалиев «Ұлт қайраткері» тақырыбында баяндама жасады.

Академияның «Атамұра» қолөнер шеберханасының ұстасы Қылышбек Құрмантегі курсанттарға ақ жол тілеп, батасын берді. Жиынға Академияның кәсіби даярлық факультетінің 1-2 курс курсанттары қатысып, ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде баяндамалар мен жыр жолдарын оқып, өз ойларын ортаға салды.

Кеш соңында кафедра бастығы Е.Е. Серімов білім алушыларды Академия бастығының алғыс хаттарымен марапаттады.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ